Таңдану, таңырқау, таң қалу, тамашалау, сұқтану, тамсану, ғажаптану

lat: Tańdaný, tańyrqaý, tań qalý, tamashalaý, suqtaný, tamsaný, ǵajaptaný

Аң-таң болып қызығып қарау, ішіп-жеп тесіле көз тігу. Маған бұрыннан таныстығын 6ілдіріп, Жібектің сөйлесе кеткенше өзім таңдандым. (Ж. Өмірбеков). Тамара бұлардың кенеттен жетіп келгеніне таңырқап, не дерін білмей күйеуіне қарады (А. Жақсыбаев). Мен бірeyдің денсаулығы үшін өз денсаулығын кұрбан етушілерге таң қаламын (Қ.Мұқамеджанов). Бұрын тау көрмеген солдаттар көздерін алмайды, тамашалап келеді (З.Ақышев). Ол ішінен сұқтана қараған көзін аударып жіберді (I. Есенберлин). Атаман кенен дорбадағы уылдырыққа бас бармағын бір батырып ап, аузына салды да, тамсана басын шайқады (Ә. Сәрсенбаев). Тахир мұны естіді ғажаптанып, Қайрылды кім екен деп көзін салып («Ғашық-наме»).